Coursera-да оқыту және оқу нәтижелерін тану рәсімі

Сізге Coursera-да оқу лицензиясы университеттегі барлық оқу үшін белгіленген мерзім ішінде бір рет ғана беріледі. Университет басшылығы сізге белгілі бір уақыт аралығында өту керек міндетті курстарды тағайындайды. Сонымен қатар, сіз қол жетімді болған кезде Сізді қызықтыратын басқа курстарға жазыла аласыз және олар бойынша сертификаттар ала аласыз.

Курстарды оқу және сәтті аяқтау алгоритмі:

  1. Платформаға кіру: Университеттік Google почтаға шақырту алғаннан кейін, сіз платформаға мүмкіндігінше тезірек нұсқаулық бойынша кіруіңіз керек, өйткені әкімшілер шақыру хатын жіберген сәттен бастап толық бақылауды жүзеге асырады.

    Ескерту: Coursera Qazaq Tilinde жобасы аясында Coursera платформасында оқыту ТЕГІН . Платформаға қауіпсіз кіру үшін сіздің шотыңыздан кездейсоқ ақша алу сияқты жағымсыз жағдайларды болдырмау үшін нұсқауларды ҚАТАҢ сақтаңыз.

  2. Міндетті курстарға жазылу: Платформаға кіргеннен кейін міндетті курстарға жазылу қажет. Міндетті курстар, сондай-ақ қайта есептелетін пәндер туралы ақпарат осы құжатта көрсетілген:

    Ескерту: Міндетті түрде өтуге арналған курстардың нақты атауларына назар аударыңыз. Олардың кестедегі жазбалармен сәйкес келетініне көз жеткізіңіз, сонымен қатар берілген курсты орналастырған университеттің атын кестедегімен дәл сәйкес келетіндей етіп тексеріңіз. Әйтпесе, сіз пән бойынша есептелмейтін қате курсқа қате жазылуыңыз мүмкін!

  3. Курсты өту: Студенттер Coursera платформасында курсқа белсенді қатысуы керек. Бұған бейне дәрістерді қарау, тапсырмаларды орындау, пікірталас форумдарына қатысу және т. б. кіреді.
  4. Курсқа қатысу: Оқу нәтижелерін тану үшін студент курсқа қатысудың белгілі бір деңгейіне жетуі керек. Қатысудың минималды пайызы кем дегенде 60% болуы керек. Қатысу курсқа жұмсалған уақыт мөлшерін, барлық бейне дәрістерді қарауды, барлық тапсырмаларды орындауды және қорытынды бақылауды қамтиды.
  5. Сертификат: Студент курсты аяқтағаннан кейін, пән бойынша оқу нәтижелерін тану үшін ресми құжат болып табылатын сертификат алуы керек. Сертификат PDF форматында сақталуы керек және оқу нәтижелерін тану үшін оқытушыға немесе кураторға ұсынылуы керек.

    Ескерту: Егер оқытушыға сертификат берілмесе және курсқа қатысу пайызы кемінде 60% болмаса, оқытушы пән бойынша кредиттерді есептемеуге құқылы. Егер курсқа қатысу 60% аз болса, сертификат жарамды болмайды. Бұл жағдайда студент бұл пәнді сәтті аяқтай алмайды.

Егер сізде платформаға кіру, курсқа жазылу немесе курстың өзінде техникалық ақаулар болса, біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз: https://edu.ektu.kz/tickets/