2023 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі "Coursera" – қазақ тілінде " бағдарламасын іске қосты. Осы бағдарламаның мақсаты Қазақстандық студенттерді қазақ және орыс тілдеріне аударылған әлемнің озық университеттерінің онлайн курстарында оқыту болып табылады.
2023 жылы ШҚТУ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің студенттерді Coursera-да оқыту үшін құрған 25 университеттер тізіміне енді. Бұл лицензиялар ШҚТУ студенттеріне Coursera платформасында әлемнің озық университеттерінің курстарында тегін оқуға және белгілі бір оқу кезеңінде курстардан өтіп, сертификаттар алуға мүмкіндік береді .
Осы жоба аясында 150 курс, соның ішінде 100 курс қазақ және 50 курс орыс тілдеріне аударылды. Студенттерге аударылған 150 курстан басқа, әлемнің өзге тілдерінде 10 мыңнан астам курстар қолжетімді, олардың ішінде қажет болған жағдайда қазақ және орыс тілдерінде субтитрлермен оқуға болады.
Coursera-да оқыту "Бейресми білім беру" арқылы жүзеге асырылады: курстың оқу бағдарламасы пән бағдарламасына сәйкес келсе, белгілі бір пән бойынша кредиттерді немесе олардың бір бөлігін есептеуге мүмкіндік береді. Өңірлік ЖОО студенттерінің ҚР Ғылым және жоғары білім Министрімен және Coursera Бас директорымен кездесуінен алынған суреттер
Лицензияларды беру қашан жүзеге асырылады??
Сіздің мектебіңіз сізге Coursera-да оқу үшін таңдалғаныңыз туралы хабарлағаннан кейін сізге міндетті және қосымша курстарды оқып, аяқтау үшін белгілі бір мерзімге лицензияларға қол жетімділік беріледі. Содан кейін лицензияны пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін лицензиялар студенттердің жаңа ағымына беріледі.
Ескерту: бір студент білім беру лицензиясын тек бір рет алады.